Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Залал көлемі – 4,1 млрд теңге": Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүріп жатыр

Опубликовано:

Қылмыстық іс құжаттары
Қылмыстық іс құжаттары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қаржылық мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті алаяқтық фактісі бойынша Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшыларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

ҚМА мәліметіне сүйенсек, Риддер ЖЭО-ның бұрынғы басшылары алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқырып, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірген деген күдікке ілінген. Залал көлемі – 4,1 млрд теңге.

Тергеу барысында ЖЭО жабдықтарының тозуы және жылу энергиясын беру кезінде бірнеше рет істен шығуына жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған қаражаттың жүйелі түрде ұрлануы себеп болғаны анықталған.

"2018-2022 жылдар аралығында Риддер ЖЭО-ның бұрынғы лауазымды тұлғалары ғылыми-техникалық қызмет көрсету, қазандықтарға, жылу желілеріне және турбогенераторларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кәсіпорындармен жалған келісімшарттар жасап, уәкілетті органға жалған есептер ұсынған.

Тергеу барысында қабылданған шаралар мен Қазақстан премьер-министрінің төрағалығымен үкіметті демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде Риддер қаласындағы жылу энергиясын өндіру станциясын мемлекет меншігіне беруден келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді, оның құны шамамен 5,5 млрд теңгені құрайды", - дейді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Агенттік ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейтінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042304-ridder-zeo-nyn-buryngy-bassylaryna-qatysty-tergeu-zurip-zatyr/

pixel