Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің атым Қожа" фильмінің кейіпкеріне ұқсайтын жасөспірімнің кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Айқын Елубай
Айқын Елубай. Видеодан кадр: "Таңшолпан" бағдарламасы

Танымал "Менің атым Қожа" фильмінің жарыққа шыққанына биыл 60 жыл толған. Киноның бас кейіпкері Қожадан айнымайтын жасөспірім "Таңшолпан" бағдарламасында өзі жайлы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама мәліметінше, Қожаға ұқсайтын бозбаланың есімі - Айқын.

"14 жастамын. 8-сыныпта оқимын. Мектепте апайлар "Қожаға ұқсайсың" дейтін. Мән бермей отыратынмын", - деді Айқын Елубай.

Айқынның айтуынша, ол - көкпаршы.

"Көзімді ашқалы бері атқа мінемін. Атқа мінуді әкем үйреткен. Екі рет салым салғанмын. Көкпардан бөлек трактор жүргіземін", - деді жасөспірім.

Ал Айқынның ағасы інісінің видеосы тарағаннан кейін бірнеше киностудия байланысқа шыққанын айтты.

"Айқынның видеосы тарағаннан кейін бізге көптеген киностудия байланысқа шықты. "Менің атым Қожа 2" фильмін түсіретін ой бар. Бұйырса, Айқын соған дайындалып жатыр. Басқа да сұхбатқа шақырту алып жатырмыз.

Айқынның бағы мен бабын ашу жолында жұмыс істейміз. Бірақ бұл әлі мектеп оқитын бала. Сондықтан бірінші кезекте сабағына көңіл бөлеміз", - деді Айқынның ағасы Абылайхан Бақытжанұлы.

Айта кетейік, "Менің атым Қожа" – 1963 жылы "Қазақфильм" студиясы түсірген балалар фильмі. Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің желісімен түсірілген фильмнің режиссері – Абдолла Қарсақбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042320-menin-atym-qoza-filminin-keiipkerine-uqsaityn-zasospirimnin-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel