Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Республика күні батысқазақстандықтар үшін жарқын сәттермен айшықталды

Опубликовано:

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Ұлттық мейрамды атап өту үшін Тұңғыш Президент алаңына жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Олардың қатарында зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және қарапайым тұрғындар бар. Алдымен мемлекеттік әнұран шырқалып, әскерилер шаһардағы ең биік Ту тұғырына көк байрағымызды көтерді.

«Бүгінгі мейрам, әрине, біздің ұлт үшін, Ұлы дала үшін ерекше. Өйткені бұл – бабаларымыздың арманы болған күн. Біз өз көк Туымызды көкке желбіретіп, «Мен – қазақпын!» деп жар салатын күн. Ертеңгі ұрпақтың жақсылығын тілейтін күн. Мен бүкіл қазақ даласын осы мерекемен құттықтаймын! Елде тыныштық болсын! Көк аспанымызда күннің шуағы болсын!» деді ақын Ақұштап Бақтыгереева.

Ұлттық мерекеге арналған шаралар легі «Атамекен» өнер ордасында жалғасты.

Салтанатты шарада марапат алғандар
Фото: БҚО әкімдігі

Мұнда «Тарихқа толы Қазақ Елі», «Аймақ жетістіктері» көрмесі жасақталған. Сөреге ұлттық құндылықтар мен тарих хақында мәліметтер, өңірде биыл атқарылған ілкімді істер туралы материалдар қойылған.

Салтанатты шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиев Жайық жұртшылығын қастерлі мерекемен құттықтап, өңірде экономика, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік салалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Марпаттау рәсімі
Фото: БҚО әкімдігі

«Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, бұл мейрам елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін айтты. Бұл жай ғана мереке емес, бұл біздің елдігімізді сақтауға және нығайтуға деген ұмтылыс. Биыл облыста 81,5 млрд теңгеге 617 шақырым жолды жөндеу жұмыстары басталған еді. Қазіргі таңда соның 500-ге жуық шақырымы пайдалануға берілді. Ал 2024 жылы 105 млрд. теңгеге жалпы ұзындығы 800 шақырым жол салуды жоспарлап отырмыз. Спорттық инфрақұрылымды дамыту үшін 2019 жылдан бастап 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы және басқа қаражат көздері есебінен 26 мектеп құрылысын бастадық. Оның екеуі пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 14 мектеп құрылысын аяқтаймыз», - деді аймақ басшысы.

Шара аясында әр саланың майталмандарына мемлекеттік марапаттар берілді. Атап айтқанда, өлкетанушы Жайсаң Ақбайға «Парасат» ордені, шаруа қожалығының басшысы Сәлімбай Мәдиев, педагог Светлана Оразова, еңбек ардагері Құжырғали Төлеуішовке «Құрмет» ордені табысталды. Сонымен қатар өзге де мамандарға ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдері, «Құрмет» грамотасы берілді. Салтанатты шарада барлығы 35 адам марапатталды.

Марапаттау рәсімі
Фото: БҚО әкімдігі

«Мұндай мемлекеттік марапат үлкен жауапкершілік жүктейді. Педагогика саласындағы еңбек өтілім 40 жыл. Осы азды-көпті қызметімізді бағалап, ұсынып жатқан мамандарға алғыс айтамын. Жалғыз адам ешқандай жетістікке жете алмайды. Менің марапатым біздің ұжымның ортақ жемісі деп есептеймін», - дейді Ақжайық ауданындағы Абай мектеп-гимназиясының директоры Светлана Оразова.

Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, патриоттық шығармалар орындалды.

Республика күніне арналға салтанатты шара
Фото: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, облыста Республика күніне орай 500-ден іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде Өлеңті мен Асан ауылдарында медициналық нысан, Оралда биг-бэг зауыты ашылды.

Шағырлыой ауылы орталықтандырылған ауызсу желісіне қосылды. Ақпәтер ауылында ашық аспан астындағы музей, Хан Ордасы ауылында визит орталығы қолданысқа берілді.

Ветеринарларға, полицейлер мен әскерилерге қызметтік көліктер тапсырылды. Облыс орталығында 10 жаңа автобус желіге шықты. Білім беру ұйымдарында да патриоттық шаралар өтіп, балалар белсене қатысты. Ұлттық мереке әр үйге шаттық сыйлап, жарқын сәттермен есте қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042494-respublika-kuni-batysqazaqstandyqtar-usin-zarqyn-sattermen-aisyqtaldy/

pixel