Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатқан екі акушерге сот үкімі шықты

Опубликовано:

нәрестенің аяғы
Нәресте. Көрнекі фото: Рixabay.com

Жамбыл облыстық соты алдын ала сөз байласып, жаңа туған нәрестені сатып жіберген екі акушерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Облыстық сот мәліментінше, Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа тартылған.

Сот анықтағандай, 2022 жылдың қараша айында жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында, аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б.-ға хабарласқан.

"Жәбірленушінің жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б., өзінің әріптесі Ю.-дан босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені азаматқа 1,5 млн теңгеге сатқан", - делінген хабарламада.

Сот айыпталушылардың кінәсі жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен және заттай дәлелдемелермен объективті расталғанын атап өтті.

Айыпталушылар кінәсін ішінара мойындаған.

"Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бір сотталушының жас балаларының болуы танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 55-бабы 2-бөлігінің жазалау шегін шектейтін талаптарын ескере отырып, сотталушылар 8 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042735-zambyl-oblysynda-zana-tugan-naresteni-15-mln-tengege-satqan-eki-akuserge-sot-ukimi-syqty/

pixel