Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырғандардың бірі ауруханада қайтыс болды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған үш адамның бірі қайтыс болды. Қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлердің қолдан келген барлық шараны жасағанына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туған ер адам қайтыс болды.
"Науқас сібір жарасы ауруының ауыр кезеңіне және басқа да аурулардың қатарласуына байланысты қайтыс болды. Сонымен қатар медициналық көмекке кеш жүгінгені де әсер етті", - делінген хабарламада.
Ведомство өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
"Ауру жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, олар үнемі дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042745-qaragandy-oblysynda-sibir-zarasyn-zuqtyrgandardyn-biri-auruxanada-qaitys-boldy/