jitsu gif
Денсаулық

    Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырғандардың бірі ауруханада қайтыс болды

    Аурухана дәлізіндегі науқас кереуеті
    Аурухана іші. Көрнекі фото: pexels.com

    Қарағанды облысында сібір жарасын жұқтырған үш адамның бірі қайтыс болды. Қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық денсаулық сақтау басқармасының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, дәрігерлердің қолдан келген барлық шараны жасағанына қарамастан, сібір жарасын жұқтырып жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туған ер адам қайтыс болды.

    "Науқас сібір жарасы ауруының ауыр кезеңіне және басқа да аурулардың қатарласуына байланысты қайтыс болды. Сонымен қатар медициналық көмекке кеш жүгінгені де әсер етті", - делінген хабарламада.

    Ведомство өкілдері марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

    "Ауру жұқтырған қалған екі науқастың жағдайы тұрақты, олар үнемі дәрігерлердің бақылауында", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.