Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан кетіп қалған

Опубликовано:

Автобус
Автобус. Фото: Polisia.kz

Екібастұзда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жарақат алған әйел аруханада жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласының полициясы Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

26 қазанда Zhong Tong маршруттық автобусын басқарған жүргізуші жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, аялдамада көшеде тұрған әйелді соғып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші әрі қарай жүріп кеткен.

"Апат салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылды. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. ЖКО фактісі бойынша полиция тергеуді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042889-ekibastuzda-avtobus-zurgizusisi-zayau-zurginsini-qagyp-oqiga-ornynan-ketip-qalgan/

pixel