Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: соттың бұрынғы төрағасы қызметінен босатылды

Опубликовано:

судья балғасы
Судья балғасы. Көрнекі фото: pexels.com

26 қазанда Жоғары cот кеңесі жанындағы cот жюриінің отырысы өтіп, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жоғары сот кеңесіне сілтеме жасап.

Отырыс қорытындысы бойынша Алматы және Түркістан облыстарының аудандық соттарының екі судьясына судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

"Жаза қолдануға азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ судьялық этикаға қайшы келетін теріс қылық жасау фактілері негіз болды", - делінген хабарламада.

Тәртіптік жауапкершілікке тартылған судьялардың арасында Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының судьясы Н.Б. Шетенов бар.

"Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша Н.Б. Шетеновке қатысты судья қызметінен босату түрінде жаза қолдану туралы шешім қабылданды. Тәртіптік жаза қолданылған судьялар өздеріне байланысты қабылданған шешімдерге қатысты Жоғары сот сеңесіне шағымдануға құқылы, сол себепті сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042894-turkistan-oblysyndagy-qyzdyn-olimi-sottyn-buryngy-toragasy-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel