Костенко шахтасындағы апат: Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу бастады
Опубликовано:
Бас прокуратура Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы ведомство Telegram арнасында хабарлады.
"Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).
Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді", - делінген хабарламада.
Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.
- Қарағанды шахтасындағы жарылыс: қаза тапқандар саны 16-ға жетті
- Шахтадағы жарылыс: Тоқаев "АрселорМиттал Теміртаумен" инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2042925-kostenko-saxtasyndagy-apat-bas-prokuratura-sotqa-deiingi-tergeu-bastady/