Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 35-ке жетті

Опубликовано:

Кенші
Көрнекі фото: Adam88xx/Getty Images

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан тағы екі кеншінің денесі табылды. Әлі 11 кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, қазірге дейін 29 адамның денесін жер бетіне шығарылған.

"Қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды. Олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды. 11 кеншіні іздеу жалғасуда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөзі.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042999-qaragandy-oblysyndagy-saxtada-qaza-tapqan-kensilerdin-sany-35-ke-zetti/

pixel