Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 36-ға жетті

Опубликовано:

Кенші
Көрнекі фото: Andrey Rudakov/Bloomberg via Getty Images

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы шахтада 36-ншы кеншінің денесі табылғанын хабарлады. Қазір қалған он кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, 29 қазан сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша 36 кеншінің денесі табылған.

"Қазіргі уақытта 36 адамның денесі табылды. Он кеншіні іздеу жалғасуда.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043010-qaragandy-oblysyndagy-saxtada-qaza-tapqan-kensilerdin-sany-36-ga-zetti/

pixel