Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бір үйдің жертөлесіндегі апат салдарынан сантехник қаза тапты

Опубликовано:

Есептегіш құрал
Есептегіш құрал. Көрнекі фото: Рexels.com

Ақтаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінде су басқан жертөледе жұмыс істеген коммуналдық қызмет қызметкерін тоқ соқты. Ол дәрігерлер келгенше қайтыс болған, деп хабарлайды Lada.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, ер адам Ақтаудағы 17-шағын аудандағы үйлердің бірінде су басқан жертөледе жұмыс істеген.

Қайтыс болған ер адамның артында төрт баласы қалған.

Маңғыстау облысы полиция департаменті ер адамның өлімін растады. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043011-aqtauda-bir-uidin-zertolesindegi-apat-saldarynan-santexnik-qaza-tapty/

pixel