Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында шахтадағы апат: қаза тапқандардың денесін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр

Опубликовано:

Шахта
Шахта. Көрнекі фото: andresr / Getty Images

28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 36 кенші қаза тапты. Қазіргі уақытта марқұмдардың денесін жер бетіне шығару жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram арнасында.

Айта кетейік, әзірге он кенші табылмады. Оларды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

"Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті іс-шараны ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр.

Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қол жетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда.

Сондай-ақ, қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде", - деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.

Сонымен қатар министрлік мәліметінше, авария орнында ашық жану ошақтары жоқ. Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде. Осыған дейін барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түскен. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043015-qaragandy-oblysynda-saxtadagy-apat-qaza-tapqandardyn-denesin-zer-betine-sygaru-zumystary-zurgizilip-zatyr/

pixel