Қасым-Жомарт Тоқаев қарағандылық кеншілерді қолдауға арналған бейнеролик жариялады
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жалпыұлттық аза тұту күнінде кеншілерді қолдап, Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қарағандылық кеншілермен біргеміз", - деп жазды президент.
Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Осыған дейін 38 кеншінің денесі табылып, қазіргі уақытта тағы 8 адам денесі іздестірілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043029-qasym-zomart-toqaev-qaragandylyq-kensilerdi-qoldauga-arnalgan-beinerolik-zariyalady/