Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: 38 кеншінің денесі табылды
Опубликовано:

Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы шахтада 38-і кеншінің денесі табылғанын хабарлады. Қазір қалған 8 кеншіні іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, іздестіру жұмыстары қираған шахта жабдықтары мен жекелеген үйінділердің себебінен қиындай түскен.
Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
- Қарағандыдағы шахтада болған апаттан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- Қарағанды облысында шахтадағы апат: қаза тапқандардың денесін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2043027-qaragandy-oblysyndagy-saxtada-bolgan-apat-38-kensinin-denesi-tabyldy/