Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқандардың жақындарымен кездесті

Жарияланған күні:

Ермағанбет Бөлекпаев
Ермағанбет Бөлекпаев. Фото: t.me/KZgovernment

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбек Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің отбасына қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Облыс әкімі бұл мәселенің жеке бақылауында екенін Facebook парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

Облыс әкімі апат салдарынан көз жұмған кеншілердің отбасына көңіл айтты.

"Бүгінгі күнді қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына барудан бастадым. Оларға көңіл айтып, қолдау білдірдім.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асыру үшін жедел тәртіпте жұмыс жасауда. Әр отбасы көтерген мәселелер жекелей шешілетін болады. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мен сіздерді қабылданған шаралар туралы хабардар етіп отырамын", - деп жазды облыс әкімі Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның денесі табылған. Тағы 4 кеншіні іздеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043049-qaragandy-oblysynyn-akimi-qaza-tapqandardyn-zaqyndarymen-kezdesti/