Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатаң жазаға тартылуы керек": Серік Ахметов Костенко шахтасындағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Серік Ахметов
Серік Ахметов. Фото: Премьер-министрдің ресми сайты

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов "Очаг смерти" деректі фильмінде ондаған адамның өмірін қиған Костенко шахтасындағы апатқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Менің ойымша, "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы қатаң жазаға, қатаң жауапкершілікке тартылуы керек.

10 жыл ішінде қаншама қайғылы оқиға болып, адамдар қаза тапты, қаншама отбасы зардап шекті. Бұл жердегі жауапкершілік өте зор. "АрселорМиттал Теміртау" тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуға тиіс. Өнеркәсіп пен техника қауіпсіздігіне қомақты қаражат бөлінбеуі салдарынан қылмыстық немқұрайлылыққа жол берілді және бұл жылдар бойы жалғасты.

"АрселорМиттал Теміртау" қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын", - деді Серік Ахметов.

Сонымен қатар деректі фильмде "АрселорМиттал Теміртау" нысандарындағы апаттың көп болуының себептері де айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 29 қазан, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жеткен. Тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

Қайғылы жайтқа байланысты 29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043108-qatan-zazaga-tartyluy-kerek-eks-premer-ministr-serik-axmetov-saxtadagy-qaigyly-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/