Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Тоқаевтың тапсырмасымен жаңа ғылыми институт құрылады

Жарияланған күні:

Аудиториядағы студенттер
Аудиториядағы студенттер. Көрнекі фото: Matthias Balk/Picture alliance/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Маңғыстау облысында Каспий теңізін зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құрылады, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, Су ресурстары және ирригация министрлігі Каспий теңізін зерттеумен айналысатын ғылыми-зерттеу институтын құру туралы тиісті қаулының жобасын әзірлеген.

"Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ету бағытында да жұмыс жүргізеді", - делінген хабарламада.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық бағыты бойынша объективті және тәуелсіз ақпарат жинақтайды. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді іс-шаралар қабылдауы үшін негіз болады.

Ведомство ғылыми ұйым құру Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға да мүмкіндік беретінін атап өтті.

"Мемлекет басшысы кешенді іс-шаралар қабылдау үшін Маңғыстау облысында Каспийді зерттеумен айналысатын мемлекеттік ғылыми институт құруды тапсырды. Институт құру мәселені жан-жақты зерделеуге, ауқымды міндеттерді шешуге мүмкіндік береді", - дейді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043127-qazaqstanda-toqaevtyn-tapsyrmasymen-zana-gylymi-institut-qurylady/