Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық құтқарушылар қала тұрғындарына үндеу жасады

Жарияланған күні:

Жаңбыр
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер дауылдық ескерту жариялап, 31 қазанда Алматыда қатты жаңбыр жауатынын айтты. Алматы ТЖД қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына алдын ала жүру бағытын жоспарлауға кеңес берді. Бұны Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астанада дауылдық ескерту жарияланып, қатты жауын-шашын болады. ТЖД нөсер жаңбыр кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды:

  • жеке тұрғын үйлердің иелері жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді жаңбыр судың ағынын бұруға дайындығын тексеріңіз,
  • егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз электр желілерінің астына тұрмай, оның тұтастығына назар аударыңыз;
  • әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсуі адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;
  • су тасқыны деңгейінен жоғары ғимараттарды паналауға тырысыңыз.

Сондай-ақ ТЖД көлік жүргізушілеріне сақ болуды, автокөліктің жылдамдығын төмендетуді, апат шамдарын қосуды, тіпті қатты жаңбыр жауғанда жолға шықпауды ұсынды. Оған қоса азаматтарға мүмкіндігінше ғимарттарда қалуға кеңес берді.

"Жаяу жүргіншілер де абай болу керек, жаңбыр кезінде жол қозғалысында көрінбейтіндігіңізді ұмытпаңыз", - деп атап өтті Алматы ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043180-almatylyq-qutqarusylar-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/