Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қарттар мен балаларды азаптаған санитар сотталды

Жарияланған күні:

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Елордада реабитилациялық орталықтардың бірінде үш науқасты азаптады деп айыпталған санитардың ісі сотта қаралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана қалалық сотының мәліметінше, ер адам хосписте емдік дене шынықтыру нұсқаушысы болып жұмыс істеп жүрген кезінде қарттар мен кәмелетке толмаған науқастарды ұрып-соққан. Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1,2-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Сотталушының кінәсі куәгерлер мен жәбірленушілердің куәліктерімен және видеожазбалармен дәлелденді.

Прокурор сотталушыға қатысты 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Қорғаушы тарап өкілі бас бостандығынан айырмау түріндегі жаза тағайындауды өтінген.

Судья сотталушының кінәні мойындағанын және шын жүректен өкінгенін қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп танып, оған қатысты 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Сонымен қатар ол зардап шеккендерге 2 миллион теңге моральдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043202-astanada-qarttar-men-balalardy-azaptagan-sanitar-sottaldy/