Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да заңсыз балық аулап, сатумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Опубликовано:

БҚО-да бір топ адам заңсыз балық аулаған
БҚО-да бір топ адам заңсыз балық аулаған. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысты деген күдікке ілінген бір топ адамды ұстады. Бұны Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында балық пен бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығын сатумен айналысатын заңсыз арнаны анықтады.

"Қылмыстық топ балық өнімдерін жалған құжаттарымен Орал қаласындағы орталық базарларға әкеліп сатқан.

Күдіктілерден 1520,55 келі бекіре балығы, 27,3 келі қызыл және 1,25 келі қара уылдырық, сондай-ақ 2 млн 705 мың теңге және 35,8 мың рубль, тапанша, оқ-дәрілер, электрондық таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, ұсталған азаматтар - Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тереп-тексеру жұмыстары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043213-bqo-da-zansyz-balyq-aulap-satumen-ainalysty-degen-kudikpen-bir-top-adam-ustaldy/