Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейірхат Қасымбаев "ҚазАвтоЖол" басшысы лауазымынан кетті

Опубликовано:

Мейірхат Қасымбеков
Мейірхат Қасымбеков. Фото: instagram.com/kassymbayevmeirkhat

Бүгін, 30 қазанда Мейірхан Қасымбаев Instagram парақшасында өз еркімен "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ басқарма төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін жеке шешіміме сәйкес "ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ басқарма төрағасы қызметін аяқтадым. Екі жылға жуық уақыт ішінде әріптестеріммен бірлесе құрылысы ұзаққа созылған жолдарды қолға алып, жобаларды аяқтау үшін аянбай еңбек еттік.

Үлкен жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық автожолдар желісінде жұмысы тоқтап тұрған бірде-бір жол жобасы жоқ деп сеніммен айта аламын. Соңғы екі жыл ішінде 7 млн тонна асфальт төселді. Бұл дегеніміз шамамен 2,5 мың шақырым жол жаңа асфальтпен қамтылды деген сөз", – деп жазды Мейірхат Қасымбаев.

Оның айтуынша, Атырау-Астрахан, Қазталов-Жәнібек-РФ шекарасы, Өнеге-Бисен-Сайхын күре жолдарындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ақтөбе-Қандыағаш, Үшарал-Достық, Талдықорған-Қалбатау-Өскемен, Қарағанды-Балқаш, Күрті-Бұрылбайтал, Меркі-Бұрылбайтал және т. б. бағыттарда асфальт төселіп, жол қозғалысы ашылған.

Мейірхат Қасымбаев мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай автожол компаниясын құру аясында жұмыс жүргізілгенін атап өтті. Компания жыл сайын материалдық-техникалық база мен арнайы жол техника паркін жаңартып отырған.

Қасымбаевтың айтуынша, арнайы техника саны 400-ге артқан. Бұл жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

"Жасыратыны жоқ, автожол саласы мемлекет басшысының тарапынан да, тұрғындарымыздың тарапынан да бірнеше рет сынға ұшырады. Жолдың мәселесі бір күнде шешілмейді. Оң өзгеріске қол жеткізу үшін жүйелі түрде жұмыс істеу керек. Президенттің тапсырмасына сәйкес былтырдан бері саланы реформалау үшін бірқатар шара қабылдануда. Өз тарапымыздан шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, құзыретті органдарға бірқатар ұсыныс жолдадық", – деп жазды ол.

Сондай-ақ Мейірхат Қасымбаев компания басшысы болған кезде әріптестерімен бірге үнемі құрылыс басында жүріп, әрбір жұмыстың тиянақты орындалуын қадағалағанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043240-meiirxat-qasymbaev-qazavtozol-bassysy-lauazymynan-ketti/