Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мыңнан астам білім алушы президент стипендиясының иегері атанды

Опубликовано:

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: pixabay.com

Мыңнан астам білім алушы президент стипендиясының иегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің бұйрығымен 2023 жылы президент стипендиясы еліміздің 55 жоғары оқу орнында 1005 студент пен 7 магистрантқа тағайындалған.

Бакалавр студенттері үшін президент стипендиясының мөлшері – 73 320 теңге, магистранттар үшін – 173 974 теңге.

Министрлік президент стипендиясын тағайындаудағы мақсат – білім алушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым дарынды және қабілетті студенттер мен магистранттарды қолдау, сондай-ақ зияткерлік әлеуетті қалыптастыруға жәрдемдесу екенін атап өтті.

Стипендиаттар үшін іріктеудің негізгі критерийі - тек "өте жақсы" (А, А -) оқу. Сондай-ақ студенттер мен магистранттардың республикалық және халықаралық олимпиадалардағы, шығармашылық конкурстардағы, спорттық жарыстардағы, фестивальдардағы жетістіктері ескеріледі.

Бұдан бөлек, ашылулар мен өнертабыстардың авторлары стипендия иегерлері бола алады.

Президент стипендиясы 3 курстан бастап күндізгі бөлімде оқитын студенттерге және екінші курстан бастап магистранттарға тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043258-mynnan-astam-bilim-alusy-prezident-stipendiyasynyn-iegeri-atandy/