Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында бюджеттің 190 млн теңгесін жымқырған шенеуніктер сотталды

Опубликовано:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақмола облысында Целиноград аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен "Еңбек Аршалы" РМК филиалының басшысы бірнеше жылға бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық соттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облыстық соттың мәліметінше, Целиноград ауданы құрылыс бөлімінің басшысы С., "Еңбек Аршалы" РМК филиалының басшысы А. және ЖШС директоры К. өзара сөз байласып, өздерінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, 190 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденіп алған.

"Аталған адамдар Қосшы қаласында электрмен жабдықтау объектілерін салу жобасы бойынша жұмыстардың актілеріне қол қойып, нақты орындалмаған жұмыстар үшін бюджет қаражатын аудару жолымен аса ірі мөлшерде ақша жымқырған", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сот үкімі шықты. Айыпталушылардың кінәсі мемлекеттік сатып алу туралы шартымен, сараптама қорытындылары, жобалау-сметалық және бухгалтерлік құжаттармен расталды.

"Сот үкімімен С.-ға 7 жылға, А.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстың ашылуына белсенді ықпал етіп, залалды ішінара өтегенін есепке ала отырып, К.-ға шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандардан келтірілген материалдық залал мемлекет кірісіне ортақ тәртіппен өндірілді", - деп хабарлады облыстық соттан.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043283-aqmola-oblysynda-byudzettin-190-mln-tengesin-zymqyrgan-seneunikter-sottaldy/

pixel