Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана периметрі бойынша блок-бекеттер қойылды: полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Опубликовано:

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Астана периметрі бойынша жеті блок бекет қойылды. Полицейлер күшейтілген қызмет нұсқасына көшті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгіннен, яғни 31 қазан сағат 08.00-ден бастап қаланың периметрі бойынша Қарағанды, Қосшы, Көкшетау, Павлодар қалаларының, сонымен қатар Қорғалжын, Астарханка кенттерінен, халықаралық әуежайдан қалаға келетін жолдарға 7 блок бекет қойылды.

Бұл шара азаматтардың құжаттарын, сондай-ақ автокөліктерде тыйым салынған заттардың бар-жоғын тексеруге бағытталады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан аталған іс-шара мен келтірілген қолайсыздықтарға түсіністіктік танытуларыңыз сұралады", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, бұл шаралар елордада алдағы уақытта шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтетін ірі қоғамдық-саяси іс-шаралардың өткізілуіне байланысты құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043292-astana-perimetri-boiynsa-blok-beketter-qoiyldy-policiya-kuseitilgen-zumys-rezimine-kosti/

pixel