Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прагадағы элиталық мейрамхана, БАӘ-дегі вилла: кәсіпкер Тілеубаевтың мүлкі тәркіленді

Опубликовано:

Кәсіпкерлер
Кәсіпкерлер. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін Delta Bank-тен қаражат шығарды деп айыпталған кәсіпкер Нұрлан Тілеубаевтың мүлкі тәркіленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы орган мәліметінше, 2012-2017 жылдар аралығында Тілеубаев қайтарылмайтын несиелер беру арқылы банктен қаражатты алып шығарған.

Тергеу барысында Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу туралы санкция берілді.

"Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100 пайыз акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah-та орналасқан вилла бар", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан "Вентспилс астық терминалының" 100 пайыз үлесін бұғатқа қою санкцияланды.

"Н. Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді", - деп хабарлады агенттіктен.

Құзырлы орган сот үкімімен Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінен "ҚазИнвестБанк" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ және "БЖЗҚ" АҚ зардап шекті деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043308-pragadagy-elitalyq-meiramxana-baa-degi-villa-kasipker-tileubaevtyn-mulki-tarkilendi/

pixel