Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таяқпен арқасынан, басынан ұрған": ШҚО-да полицейге бағынбаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Полицей күдіктіге кісен салып жатыр
Полицей мен күдікті. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ШҚО-да мас күйдегі тұрғын учаскелік инспектордың денсаулығына орташа дәрежеде зиян келтірген. Аталған факті бойынша, қылмыстық іс қозғалып, ер адам 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық-медиа порталы.

Медиа-порталдың жазуынша, Зайсан ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны азаматтық жұбайының оған күш қолданып, қоқан-лоқы көрсеткені туралы арызбен жүгінген.

Басылым мәліметінше, ақпаратты алғаннан кейін учаскелік полиция инспекторы мән-жайды анықтау үшін аталған мекенжайға келген. Осы кезде жәбірленушінің бұрын сотталған 29 жастағы күйеуі қайтадан қамауға алады деп қорқып, күшпен қарсылық көрсеткен.

"Полицейдің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын масаң күйдегі ауыл тұрғыны елемеген. Бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескерткеннен кейін, ер адам заң қызметкеріне қол жұмсап, оны ағаш таяқпен үш рет арқасынан және бір рет басынан ұрған. Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік инспектордың денсаулығына орташа зиян келтірген", - деп жазады басылым.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 380-бабы 5-бөлігі (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттер) бойынша енгізілді.

Медиа-портал ақпаратынша, тергеу аясында күдіктінің кінәсі толығымен дәлелденді. Зайсан аудандық соты кінәлі азаматты 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043345-tayaqpen-arqasynan-basynan-urgan-sqo-da-policeige-bagynbagan-er-adam-bas-bostandygynan-aiyryldy/

pixel