Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Секіріп кетпек болған": Қарағандыда тұрғынның полицейлерден қашқан сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Опубликовано:

Тұрғын
Тұрғын. Видеодан кадр: instagram.com/denski_bl

Желіде Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінде түсірілген видео пайда болды. Бейнежазбада көрсетілгендей ер адам екінші қабаттан секіруге әрекет жасаған. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Белгісіз себептермен бір ер адам екінші қабаттағы ернеудің шетіне шығып кеткен. Сауда үйінің күзетшілері оған жақын маңда тұрып, не болып жатқанын бақылап тұр",- деп жазды видео авторы Instagram желісінде.

ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында жағдайға қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, Қарағандыда полицияға белгісіз бір адамның сауда үйіндегі дүңгіршектен аяқ киім ұрлағаны туралы хабарлама түскен.

"Оқиға орынына келген тәртіп сақшылары сауда үйіндегі бейнебақылау камералары арқылы күдіктінің сауда үйіндегі жүрген жерін анықтады.

Алайда оны ұстау кезінде ол екінші қабаттан секіріп кетпекші болған. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ зат тәркіленді", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 187-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043353-sekirip-ketpek-bolgan-qaragandyda-turgynnyn-policeilerden-qasqan-sati-videoga-tusip-qalgan-video/

pixel