Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" акционерлерінің арасында Назарбаевтың туыстары бар ма

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: elbasy.kz

Үкіметте өткен брифингте Өнеркәсіп және құрылыс министріне "АрселорМиталл Теміртау" акционерлерінің арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары бар ма деген сауал қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Жоқ. "АрселорМиттал" бізге берген ақпаратқа сәйкес, олар бұл кәсіпорынның 100 пайыз иесі. Сондай-ақ олардың бұл акцияларды еш кедергісіз қолдануына толық құқығы бар", – деп қысқаша жауап берді Шарлапаев.

Айта кетейік, "АрселорМиталл Теміртау" компаниясының сайтындағы мәліметіне сүйенсек, Қарағанды металлургиялық комбинаты LNM Group компаниясының меншігіне өтіп, 1995 жылы "Испат-Кармет" ААҚ ретінде жұмыс істей бастаған. 2004 жылы "Испат-Кармет" ААҚ атауы "Миттал Стил Теміртау" АҚ болып өзгертілген.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанға қараған түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Апат салдарынан 46 кенші қаза тауып, 20-дан аса кенші зардап шекті.

2023 жылғы 29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан билігі компаниямен ынтымақтастықты тоқтатып, меншігін мемлекет иелігіне алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043357-arselormittal-temirtau-akcionerlerinin-arasynda-nazarbaevtyn-tuystary-bar-ma/