Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Эфирге қосылды": қазақстандық блогер желіде әйгілі актер Ван Даммен тілдескен (видео)

Опубликовано:

Ван Даммен сөйлескен блогер
Ван Даммен сөйлескен блогер. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Мүмкіндігі шектеулі болса да, TikTok желісіне өзі туралы түрлі бейнеролик жүктеп танымал болған қазақстандық Елена Басырева тікелей эфирде әйгілі актер Ван Даммен сөйлескен, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, солтүстікқазақстандық Елена Басырева екінші топтағы мүгедек. Бойы бір метрден аспайды. Салмағы небәрі 34 келі. Мүмкіндігі шектеулі болса да, ел қатарлы еңбек етеді. Ол бастысы ешкімге масыл еместігін атап өтті.

Шағын ауылда тұратын Елена ойламаған жерден әлеуметтік желінің жұлдызына айналып, қазір TikTok желісінде оның 82 мыңнан астам оқырманы бар. Жүктеген бейнежазбалары қызық болғандықтан, көптің көңілінен шықты. Сондықтан жариялаған роликтері аз ғана уақытта желіде тарап, миллиондаған адамға ұнаған.

"Тамыз айында тікелей эфирде отырған едім. Сол кезде эфирге әйгілі актер Ван Дамм қосылды. Желі қолданушылары оны бірден танып қалды. Жазылған пікірлерді оқып, абдырап қалғаным рас. Ол ағылшынша, мен орысша сөйледім. Бірақ бір-бірімізді түсіне алмадық", - деді Елена Басырева.

43 жастағы Елена - екі баланың анасы. Тұңғышы қалада, екіншісі мектепке оқиды. Оларды қатарынан қалдырмау үшін енді жеке кәсіппен айналыспақ. Өзі спортпен шұғылданғанды жақсы көреді. Биыл Елена армрестлингтен өткен облыстық сайыста екінші орын алған. Алдағы уақытта Елена Басырева жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айланысқысы келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043359-efirge-qosyldy-qazaqstandyq-bloger-zelide-aigili-akter-van-dammen-tildesken-video/

pixel