Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-вице-министр Тоқтабаевқа қатысты іс: мемлекетке бірегей кен орны қайтарылды

Опубликовано:

Кен орны
Кен орны. Фото: pixabay.com

Бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс аясында мемлекет меншігіне Қостанай облысындағы бірегей кен орны қайтарылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы арнасында.

Антикордың мәліметіне сүйенсек, мемлекет басшысының заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау барысында бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық істі қарау аясында мемлекетке Қостанай облысындағы "Шевченковское" бірегей кен орны қайтарылған.

Кен орнында никель (1,075 млн тонна) мен кобальт (585,9 мың тонна) қоры бар. Пайдалы қазбалар қорының құны 5,6 трлн теңгеден асады.

"27 қазанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының Тимур Тоқтабаевқа қатысты үкімі жарияланды.

Ол пайдалы қазбалардың ірі қорлары бар кен орындарын онымен үлестес тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сот үкімімен Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленген.

Тоқтабаевтың тәркіленген мүліктері:

  • Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;
  • Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;
  • 2021 жылы шыққан Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC маркалы авто;
  • 2021 жылы шыққан Bentley Bentayga V8 маркалы авто;
  • Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043371-memleketke-biregei-nikel-men-kobalt-ken-orny-qaitaryldy/

pixel