Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: АМТ басшылығы жауапкершілікке тартыла ма

Жарияланған күні:

"АрселорМиттал" компаниясының ғимараты
"АрселорМиттал" компаниясының ғимараты. Фото: "АрселорМиттал"

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қарағанды облысындағы шахтада болған апаттан кейін "АрселорМиттал" басшылығы қандай жауапкершілікке тартылатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Өздеріңіз білесіздер, "АрселорМиттал" – нарықта саудаға қатысатын бас компания – осының салдарынан айтарлықтай шығынға ұшырады. Бірінші кезекте, дүйсенбідегі баға белгілеуде компания сатылымы 5,5 пайызға құлдырады. 21 млрд-тан 20 млрд долларға дейін төмендеді, яғни "Арселлор" болып жатқан жағдай фонында кем дегенде 1 млрд доллардан айырылды.

Бұл, бірінші кезекте, Қазақстандағы қайғылы оқиғамен байланысты. Сондықтан, жауапкершілік туралы айтқанымызда, экономикалық жауапкершілік басталып кеткенін түсінуіміз қажет", - дейді Шарлапаев.

Министр Қарағанды облысындағы шахтада болған төтенше оқиғаға қатысты жауапкершілік туралы айта келе, мәселені Қазақстан заңнамасымен де, халықаралық құқықпен де саралау керегін мәлімдеді.

"Бұл жағдайда осы мәселемен айналысып, сәйкес тергеу жүргізіп, Қазақстан заңнамасына сай нәтижеге жеткізетін құзырлы органдар барына сенімдімін", - деді Қанат Шарлапаев.

"АрселорМиталл Теміртау" басшылығына кім келетіні туралы

Бұған дейін үкімет компания акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілгенін және кәсіпорынға меншік құқығын Қазақстанның пайдасына беру жөніндегі мәмілені ресімдеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Келісімге қол қойылғанын АМТ тарапы да растады. Мәміленің егжей-тегжейін өнеркәсіп министрлігінің басшысы Қанат Шарлапаев айтып берді. Компанияны басқаруға Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары, сондай-ақ АМТ-ның бұрынғы қызметкері Вадим Басинге тапсырылды. Жексенбіде Басин АМТ иесінің ауысуы жұмысшылар алдындағы міндеттемелерге әсер етпейтінін мәлімдеген.

Бүгін Әлихан Смайылов шахтадағы ТЖ үшін АМТ басшылығының жауапкершілігі туралы айтып өтті. Премьер-министр олар компания жұмысынан өздерін шеттетіп тастағанын, мұндай әрекетсіздіктің салдары бірнеше жыл бойы қайғылы жағдайларға әкеп соқтырып келе жатқанын айтты.

Ал Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кәсіпкер Лакшми Миталлдың орнына "Арселормитталға" инвестордың орнына кім келетінін айтты. Оның айтуынша, үкімет меншік құқығы Қазақстан Республикасының пайдасына өткеннен кейін ешқандай шетелдік инвесторларды қарастырмайды. Сондай-ақ Қанат Шарлапаев "АрселорМиталл Теміртау" Қазақстан меншігіне өткеннен кейін оның бұрынғы атауын пайдалануға болмайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043374-qaragandy-oblysyndagy-saxtada-bolgan-apat-amt-bassylygy-zauapkersilikke-tartyla-ma/