Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүрген жолы шабыт сыйлайтын мұғалім, стартапер әрі инноватор Алмат Байдуйсенов

Опубликовано:

Tournaman компаниясының атынан Алмат Байдуйсенов қатысады
Фото: Алмат Байдуйсеновтің жеке мұрағатынан

Кейде өмірде жетістікке жетудің ғаламат хикаяларын кездестіріп жатамыз. Алмат Байдуйсеновтің жетістік жолы – мұның жарқын мысалы. Қызылорда қаласының қарапайым мұғалімі өз стартапының арқасында Құрама Штаттарда ірі акселераторды бағындырып, ауыз толтырып айтарлықтай көлемде инвестиция тартқан. Бұл – құштарлық пен қайсар мінез бастапқы қиындықтарға қарамастан қалай табысқа жеткізетіні туралы хикая.

Алмат оқушыларына түрлі жарыс пен турнирге дайындалуына көмектесіп, еңбек жолын мұғалім болып бастаған. Уақыт өте келе еңбек жолында тың бағыт пайда болады: ол турнирлерді өзі ұйымдастыра бастайды. Оның басшылығымен түрлі дисциплинадан 20-дан аса республикалық және халықаралық ірі турнир өткізілген.

Ол ұстаздық жолында оқушылардың дамуына турнирлерге қатысу мен жарысқа деген құмарлық қаншалықты маңызды екенін бірден түсінген. Бұл әдіс арқылы кейіпкеріміз студенттеріне шабыт сыйлап қана қоймай, сыныптағы теориялық сабақтармен шектелместен, өмірлік сынақтарға да дайын болуды үйреткен. Оқушылары басқа қатысушылармен әрекеттесу арқылы әлеуметтік машығын жетілдірген, бұл өз кезегінде жарысуға және үздік жетістікке жетуге мотивация берген.

Алайда Алмат осы кезде қиындыққа тап болған. Барлық жарыс пен турнир туралы стандарттар интернетте тарап кетіп, оларды жүйелі іздеп табу жолын көрсететін бірыңғай платформа болмаған. Осыдан ол инновациялық платформа жасауға бел буады, оның арқасында спорттан өнерге дейін, білім беруден киберспортқа дейін барлық жарыс түрін біріктіруге болады.

Шарада Алмат Байдуйсенов
Фото: Алмат Байдуйсеновтің жеке мұрағатынан

Алмат осы батыл идеяны жүзеге асыруға қамданып, өзі бағдарламалауды білмесе де, веб-сайт жасауды бастаған. Уақыт өте келе оның платформасында жарыстарын жариялағысы келген түрлі компаниялар жүгінетін болған. Tournaman дәуірі осылай басталды.

Алмат өз жобасын әлем нарығына кеңейтуді мақсат тұтып, Қазақстанда Tournaman компаниясын құрады. Бұл компания көп ұзамай жарыстар мен турнирлер өткізу саласында әбден мойындалып, көшбасшыға айналған. Бірақ Алмат өз идеясы жергілікті деңгейде ғана емес, әлемдік стандарттарды да өзгерте алатынын түсінген.

Алмат дүние жүзінде табысқа жету үшін америкалық акселераторларға, инвесторлар мен венчурлық фирмаларға жүгіне бастаған. Әуелгі ұсыныстары қабылданбаса да, ол өз идеясына сенімін жоғалтпай, тынбай еңбектенеді. Ақырында екі бірдей акселератор оның идеясына қызығушылық танытады, бірі Канадада, екіншісі – Құрама Штаттарда. Алмат Техас штатындағы Остин қаласында орын тепкен International Accelerator компаниясын таңдаған.

Алмат Байдуйсенов Нью-Йоркте
Фото: Алмат Байдуйсеновтің жеке мұрағатынан

Бұл акселератор Алматтың хикаясында басты бағытқа айналды. Алмат оның арқасында АҚШ-қа барып қана қоймай, тегін баспана, кеңсе, көлік және компания құрудағы құқық аспектілеріне де көмек ала алған. Мұның бәрі Остин қаласының дамуына зор үлес қосқан акселератордың негізін қалаушы Анджелос Анджелоудың арқасында мүмкін болыпты.

Алмат құйылған инвестициямен тәжірибелі қазақстандық құрастырушыларды жұмысқа тарта отырып, жарыс ұйымдастыруға арналған бірегей платформа жасай бастаған. Оның алғашқы қолданушылары АҚШ пен Қазақстан тұрғындары болған, оның ішінде алуан түрлі байқаулар өткізетін ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы ұйымы да бар.

Қолданушылардың бағалауы мен кері байланысы платформаның жетіле түсуіне қанат бітіріп, үлкен инсайтқа жол ашқан. Алмат командасымен ақылдаса келе ауқымды Пивот* жасауға бел буады. Енді команда әлемнің ең беделді акселераторы YCombinator-ға өтінім беруді жоспарлап отыр, өйткені Tournaman Инстаграм немесе ТикТок сияқты ірі платформаға айналуға әлеуеті зор.

Алмат Байдуйсенов баяндама жасайды
Фото: Алмат Байдуйсеновтің жеке мұрағатынан

Осылайша, Алмат Байдуйсеновтің хикаясы – қайтпас қайсарлық пен құштарлықтың Қазақстандағы қарапайым мұғалімнің Құрама Штаттардағы табысты стартап негізін қалауына жол ашқан жарқын мысалы. Оның хикаясы шабыт сыйлап, өз идеяңа сенім мен бойыңда өжет мінез барда қолдан келмейтін іс жоқ екенін дәлелдеп отыр. Алмат Байдуйсенов – шағын ғана істен басталған жоба да арманға жеткізетінін дәлелдеген адам.

*Пивот (ағыл. pivot — «айналу») — стартаптың дамуы мен өміршеңдігін сақтау мақсатында оның бағытының күрт өзгерту.

*Серіктес материалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043376-zurgen-zoly-sabyt-syilaityn-mugalim-startaper-ari-innovator-almat-baiduisenov/

pixel