Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тараптар татуласқан": сот әйеліне қол көтерген әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты істі тоқтатты

Опубликовано:

Жұдырық
Жұдырық. Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандық әнші Рахат Тұрлыханов өз әйелін соққыға жыққан. Алматыда аталған іс бойынша сот отырысы өтті, алайда өндіріс тоқтатылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ сот қаулысына сілтеме жасап.

Іс Алматының мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Материалдарға сәйкес, биыл 4 қазанда Рахат Тұрлыхановтың отбасында жанжал туындаған. Ұрыс кезінде әнші келіншегіне соққы жұмсаған.

Сот отырысы кезінде Тұрлыханов өз кінәсін мойындап, татуласуға келісім берген. Оның жұбайы да ұрып-соғу фактісін растап, соттан аталған іс бойынша өндірісті тоқтатуды өтінген.

Сот екі тараптың татуласуына байланысты іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулы шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043449-taraptar-tatulasqan-sot-aieline-qol-kotergen-ansi-raxat-turlyxanovqa-qatysty-isti-toqtatty/

pixel