Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"411 адам – жәбірленуші": үш облыста қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды

Опубликовано:

Ақша мен кісен
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Еліміздің үш облысында Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты іс сотқа жолданды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, Қаржылық мониторинг агенттігінің БҚО бойынша департаменті БҚО, Ақтөбе және Атырау облыстарында Chia Tai Tianging Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырды деген күдіктіге қатысты іс сот қарауына жолдаған.

"Олар өздерін инвестициялық компания ретінде көрсетіп, жоғары және тұрақты кірісті уәде еткен. Бұл ретте, Chia Tai Tianging Pharmaceutical жеке тұлғалардың ақшасын тартып, кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, оларды қатысушылар арасында қайта бөлген", - делінген хабарламада.

ҚМА ақпаратынша қаржы пирамидасына тартылған салымшылардың жалпы саны 425 адам, салынған ақша көлемі 523 млн теңге. Оның ішінде 411 азамат жәбірленуші деп танылған. Залал көлемі 490 млн теңгеге жуық.

Осы орайда агенттік азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043509-411-adam-zabirlenusi-us-oblysta-qarzy-piramidasyn-uiymdastyrdy-degen-kudiktige-qatysty-is-sotqa-ziberildi/

pixel