Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жауапкершілікті сезінеміз": Смайылов Костенко шахтасындағы апатқа үкімет те жауапты екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов мәжілісте өткен брифингте Қарағанды облысындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға үкімет те жауапты екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"АрселорМиттал Теміртаудың" жаңа инвесторына қандай талаптар қойылады

"Әрине, үкімет ретінде біз де осы қайғылы оқиғада өз жауапкершілігімізді сезінеміз. Осы сәтті пайдалана отырып, өзіміздің және әріптестеріміздің атынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тағы да көңіл айтып, кешірім сұраймын. Болған жағдайға бәріміз де жауапты екеніміз анық", - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министрдің айтуынша, үкіметтің қазіргі міндеті – "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын Қазақстанға қайтару, кәсіпорындағы жалақы мен жұмыс орындарын, сондай-ақ әлеуметтік міндеттемелерді сақтау.

"Оның ішінде қаза тапқан кеншілердің отбасыларына арналған әлеуметтік міндеттемелер де бар. Біз бұл міндеттемелердің толығымен орындалуын қадағалап, қамтамасыз ететін боламыз", - деді Смайылов.

Айта кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхнов үкімет отырысында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын ала болжам бойынша қаза тапқан 46-адамның дене бөлшектері табылғанын мәлімдеген еді.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043636-zauapkersilikti-sezinemiz-smaiylov-kostenko-saxtasyndagy-apatqa-ukimet-te-zauapty-ekenin-aitty/