Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында нан бағасының өсуі көпшіліктің ашуын тудырды

Опубликовано:

Нан
Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл облысында нан қымбаттады. Нанның бір бөлкесі қазір 120 теңге, тіпті кейбір дүкендерде 150 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арнаның мәліметінше, өңірде нан бағасының 20 теңгеге қымбаттап шыға келгені жұрттың наразылығын туғызған.

КТК арнасының мәліметіне сүйенсек, қарашаның 1-нен бастап азық-түлік дүкендерінде нан бағасының 20 теңгеге қымбаттайтыны жайлы хабарлама алдын ала жіберген. Кәсіпкерлер мұны ұн бағасы көтерілгендіктен амалсыздан жасалған қадам деп түсінген. Ал тұрғындарға 100 теңгелік нанның енді 120 теңге тұруы күтпеген жағдай болыпты. Тіпті шенеуніктердің өзі бұндай өзгерісті білмей қалған. Айтуларынша, ас атасының бағасын көтеру туралы олармен ешкім ақылдаспаған. Сондықтан рұқсатсыз әрекет еткендерге бағаны бұрынғы қалпына келтіруіне тура келді.

"120 теңге көлеміндегі баға бойынша сату фактісі анықталды. Айта кететін жәйт, супермаркеттерде нанның бағасы қазіргі таңда 100 теңге көлемінде сатылуда. Жоғарыда айтылған факті бойынша іс шара жоспары бекітіліп, сол іс шара жоспары арқылы біз нанның бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс атқаратын боламыз", - деді Жамбыл облысы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бас маманы Елжар Құрманбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043660-zambyl-oblysynda-nan-bagasynyn-qymbattauy-kopsiliktin-asuyn-tudyrdy/

pixel