jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қостанай облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны құтқарылды (видео)

    Дала қыраны
    Дала қыраны. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

    Қостанай облысы, Амангелді ауылының тұрғыны өз ауласынан сирек кездесетін құс тауып алған. Құс қандай да бір себептермен ол ұша алмай қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция мәліметінше, табылған құс туралы табиғатты қорғау полициясына хабарлаған ер адам орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы, балық және аңшылық бөлімі, сондай-ақ "Қостанай ЗООПульс" қоғамдық бірлестігінің директорымен бірге оқиға орнына барған.

    Құсты қарау барысында, бұл шынымен де ұша алмай қалған Қызыл кітапқа енген дала қыраны екені белгілі болды. Мамандар оны тексеру үшін ветеринарлық клиникаға апарған.

    Мамандар мәліметінше, қазір құс ветеринарлық емханада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.