jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Шенеунікке йога төсенішін сыйлаған оралдық әйел жауапқа тартылды

Йогамен айналысуға арналған төсеніш
Йогамен айналысуға арналған төсеніш. Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында шенеунікке сыйлық берген йога жаттықтырушысына айыппұл салынды. Антикор оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылымның жазуынша, биылғы жылдың жазында "Салауатты өмір салты академиясы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Оралда Халықаралық йога күнін өткізген.

Марапаттау рәсімі кезінде ол Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысына йога төсенішін сыйға тартқан еді. Ал төрт айдан кейін әйелді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шақыртқан.

Ведомство қазақстандық әйелге бұл әрекеті құқықбұзушылық болып танылғанын айтты. Яғни ол мемлекеттік қызметкерге қызметтік міндеттерін атқару барысында сыйлық берген.

"Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Қаймен Есендияров Б.-дан йога төсенішін алған.

Есендияров йога жаттықтырушысының әрекетін заңсыз деп қабылдап, сыйлықты арнайы мемлекеттік қорға тапсырған.

Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйлық беруі 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, (берілген сыйлық сомасынан — ред.) 50 пайыз мөлшерінде айыппұлды өз еркімен төлеуге күнтізбелік жеті күн уақыт берілді", — деп жазады басылым Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шенеунікке йога төсенішін сыйлаған оралдық әйел жауапқа тартылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.