Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Таразда полиция бөлімшесін тонаған тұрғын сотталды

Опубликовано:

судья
Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қаңтар оқиғасы кезінде Таразда полицияның УҰИ ғимаратына заңсыз кіріп, ұрлық жасады айыпталған тұрғынға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот үкімінде айыпталушының қылмыстық әрекеті сипатталған. 2022 жылдың қаңтар айының 6-на қараған түні сотталушы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып, жұртты көшеге шығуға белсенді шақырған.

"Қаңтар оқиғасы барысында адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, ол полиция басқармасының УҰИ-ның ғимаратына заңсыз кіру арқылы ұрлық жасаған, осылайшан, 500 мың теңгеден астам шығын келтірген. Сотталушының кінәсі куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен, заттай дәлелдемелермен өзінің объективті дәлелін тапты", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушыға қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысу, шақыру және қару ұрлау (ҚК-нің 272-бабының 2-бөлігі, 3-бөлігі; 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы) бойынша айып тағылған. Алайда прокурор 272-бабының 2-бөлігі бойынша айыптан бас тартты. Себебі бұл бап бойынша айыптауға дәлелдер жеткіліксіз болған. Қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының болуы ескерілген. Ал ауырлататын мән-жай - қылмыстың төтенше жағдай кезінде жасалуы.

Осылайша, жасалған қылмыстарды қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, сотталушы Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043696-qantar-oqigasy-tarazda-policiya-bolimsesin-tonagan-turgyn-sottaldy/

pixel