Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте қоғамдық көлікте жол жүру ақысы өсуі мүмкін

Опубликовано:

Автобусқа мінгелі жатқан жігіт
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкентте қоғамдық көлікте жүру бағасы 90 теңгеге өсуі мүмкін, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, қоғамдық көлікте жүру құны туралы мәселе қоғамдық талқылауға салынған. Қоғамдық көлікте жолақыны электронды төлем жүйесі арқылы төлеу құны - 90 теңге, ал қолма-қол есеп айырысу бағасы 180 теңге деп бекітілген. Бірақ қаулы әзірге заңды күшіне енбеген.

Сондай-ақ телеарна мәліметіне сүйенсек, қалада жол жүру ақысы 2016 жылдан бері өзгермеген. Сондықтан тасымалдаушы мекеме шығындарының бір бөлігі жергілікті қазына қорынан өтелетінін мәлімдеді. Биыл бұл мақсатта 23 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген.

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов тарифті 20 теңгеге қымбаттата отырып, 4 миллиард теңгеге дейін бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік туатынын атап өтті. Сондай-ақ ол 11 компанияға тиесілі 77 бағытта қатынайтын автобустардың жиілігін де қысқартуға жағдай жасалатынын айтты.

"Баға 2016 жылы көтерілген болатын. Содан бері сол кездегі есеп пен қазіргі есепті алатын болсақ, жанармай, қосалқы бөлшектер 2-3 есе өскен. Бұл жерде біз субсидияның көлемін көбейтуіміз керек немесе жолақасы халықтың қалтасына ауыртпашылық түспейтіндей оңтайлы тарифті есептеп шығарамыз". - деді қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте қоғамдық көлікте жүру ақысы "Төлем" картасымен 70 теңгені құрайды. Ал қолма-қол есеп айырысқысы келгендер 100 теңге төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043700-symkentte-qogamdyq-kolikte-zolaqysy-osui-mumkin/

pixel