Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталғандар сотталды

Опубликовано:

Ақша ұстап отырған ер адам
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Елімай-2019" тұтыну кооперативінің ұйымдастырушылары қаржы пирамидасын құрғаны үшін бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті "Елімай-2019" тұтыну кооперативі қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары 2019-2021 жылдар аралығында қайтарымсыз қарыз беру түрінде 3 мыңға жуық салымшының 1,5 млрд теңгеден аса қаражатын заңсыз тартқандығын анықтаған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу мақсатында тергеу барысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларына тиесілі құны 1,2 млрд теңгелік мүлік анықталып, мүлікке және 129 млн теңгеге шектеу қойылды.

Сот үкімімен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ерлі-зайыптыларға 6 және 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шектеу қойылған мүлік жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеуге жұмсалатын болады.

Сондай-ақ Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілі қаржы пирамидасын құру, басшылық ету және жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043725-almatyda-qarzy-piramidasyn-qurdy-dep-aiyptalgandar-sottaldy/

pixel