Алматыда көпқабатты үйдің балконынан оқ атқан жігіт ұсталды
Жарияланған күні:
Алматылық полицейлер көпқабатты үйдің балконынан оқ атқан жігітті ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде жігіттің тапаншаны оқтап, көпқабатты үйдің балконынан далаға екі рет оқ атқан сәті бейнеленген кадрлар пайда болған еді.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқ атқан жігіт ұсталған.
"Алматы криминалдық полициясының қызметкерлері әлеуметтік желідегі дабыл бойынша жедел әрекет етіп, тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан аспанға екі рет оқ атқан 2000 жылы туған Х. есімді азаматты ұстады. Оның Атырау облысының тұрғыны екені анықталды.
Одан үш патроны бар RETAY PT24 сигналдық тапаншасы тәркіленді", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілген. Оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар толтырылған:
- Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 485-бабы (Қаруды заңсыз қолдану). Айыппұл – 20 АЕК (69 мың теңге);
- 437-бабы (Тыныштықты бұзу). Айыппұл – 5 АЕК (17 250 теңге);
- 492-бабы (Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру). Айыппұл – 7 АЕК (24 150 теңге).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043862-almatylyq-policeiler-kopqabatty-uidin-balkonynan-oq-atqan-zigitti-ustady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.