Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шаралары жүзеге асырылуда

Жарияланған күні:

Мүгедектер арбасындағы адам
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде мүгедектігі бар тұлға толық көлемде Қазақстан Республикасының Конституциясында, Әлеуметтік кодексінде және басқа да заңнамалық актілерде бекітілген әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарына ие. Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға әлеуметтік жағынан қорғау құқығына кепілдік беріледі.

Халықты әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі шеңберінде мүгедектігі бар адам базалық деңгейде бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. Жұмыс істейтін азаматтар үшін қосымша еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан және кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылған кезде төлемдерді сақтандыру компаниялары арқылы жүзеге асырады.

Мүгедектігі бар адамдар оңалту бағдарламаларымен және компенсаторлық-техникалық құралдармен қамтылған.

2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша мүгедектігі бар 700 мыңнан аса адам үшін мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының сайты: gfss.kz

#ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ_ҚАЗАҚСТАН

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044026-mugedektigi-bar-adamdardy-aleumettik-qorgau-saralary-zuzege-asyryluda/