Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Шымырбай "Хабар" телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды

Опубликовано:

Дастан Шымырбай
Дастан Шымырбай. Фото: facebook.com/kemelbek.oishybayev

Дастан Шымырбай "Хабар" телеарнасының бас продюсері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы "Хабар Агенттігі" АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Дастан - журналист, көп жыл бойы отандық телеарналарда редактор, жобалардың жетекшісі, продюсер қызметтерін абыроймен атқарған тәжірибесі мол маман. Оның ішінде КТК телеарнасында жаңалықтардың редакторы, "Еуразия" телеарнасының бас продюсері, "31 арнада" бірқатар жобалардың жетекшісі болып қызмет істеді.

Сәтті шыққан көптеген бағдарламалардың авторы. Яғни, идея мен істі ұштастыра білетін білікті азамат. Дастан жаңа қызметінде де тың идеяларды іске асырып, "Хабар" арнасының бұдан әрі дамуына зор үлес қосады деп сенемін", - деп жазды Кемелбек Ойшыбаев Facebook парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044045-dastan-symyrbai-xabar-telearnasynyn-bas-prodyuseri-qyzmetine-tagaiyndaldy/

pixel