jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Көкшетауда моншада кәсіпкер соққыға жығылды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Көкшетауда жеке кәсіпкер соққыға жығылды. Полицейлер дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство баспасөз қызметі мәліметінше, 2 қараша күні Көкшетауда кәсіпкерден арыз келіп түскен. Кәсіпкер өз арызында белгісіз тұлғалар денсаулығына зақым келтіргенін айтқан.

    Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобының қызметкерлері алкогольге мас күйде болған үш жергілікті тұрғынды анықтады.

    Куәгерлердің айтуынша, тапсырыс берушілер мекеменің мүлкін бүлдірген, салдарынан жанжал шыққан.

    Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдіктілер зардап шегушіге тиесілі жеке моншаға келушілер екені анықталды. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша кәсіпкерге сол жақ көзінен төмен қарата бет сүйегінің сынуы диагнозы қойылған.

    Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.