Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында оқушылар мінген автобус өртенді

Опубликовано:

Өртенген көлік
Өртенген көлік. Видеодан кадр: astanatv.kz

Қостанай облысында оқушылар мен мұғалімдер мінген автобус өртенді. Зардап шеккендер жоқ, хабарлайды Astana TV арнасы.

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде балалар мінген шағын автобус өртенді. Көлікте пәндік олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалімдер, барлығы 14 адам болған.

Тілші мәліметінше, бәрі де көліктен аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған. Қалалық мәдениет бөліміне тиесілі автокөлік бір ай бұрын техникалық тексерістен өткен.

"Қосымша тағы бір газель жіберілді. Балаларды қайтадан Арқалық қаласына алып келді. Олимпиадаларын тапсырып, қазір үйлерінде. Балалар ата-анасының қасында", - деді Қостанай облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Қарлыға Есмурзина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044075-qostanai-oblysynda-oqusylar-mingen-avtobus-ortenip-ketti/

pixel