Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Назарбаев ауруханаға түсті

Опубликовано:

Желіде Болат Назарбаевтың қатерлі дертке шалдыққаны туралы ақпарат тарады
Болат Назарбаев. Фото: saliqaly.kz

Болат Назарбаев Алматы қаласындағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат медициналық мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОКА өкілдері Қазақстан тұңғыш президентінің інісі ауруханаға түскенін растады. Алайда басылым тілшілеріне оның жағдайына қатысты ақпарат берілмеген. Медициналық мекеме бұл мәліметті тек емделушінің туысқандарының рұқсатымен ғана жария ете алатынын жеткізді.

"Аталған пациент қазір Алматыдағы Орталық клиникалық ауруханада жатыр. Болат Назарбаевтың жағдайы туралы ақпаратты тек емделушінің туғандарының келісімін алған соң хабарлай аламыз. Қазақстан заңдарына сәйкес, ауруханада емделушілердің жеке басына және денсаулығына қатысты мәліметті тек ем алушының жақындарының рұқсатымен жариялауға құқылымыз", - деп атап өтті ауруханадан агенттік тілшісіне.

Tengrinews.kz мәліметіне сәйкес, "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры ауруханада жатқан Назарбаевтың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044169-bolat-nazarbaev-auruxanaga-tusti/