jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Редактор

Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Бюллетень салып жатқан ер адам
Сайдауда дауыс берген ер адам. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 5 қарашада 42 аудан мен облыстық маңызы бар үш қаланың тұрғындары өз әкімін сайлауда. Мұндай сайлау елімізде алғаш рет өткізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аудан мен қала әкімдерін сайлау өтіп жатқан 45 әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізімі мынадай:

  • Абай облысы - Курчатов қаласы, Абай ауданы;
  • Ақмола облысы - Ақкөл, Асирахан, Есіл, Жақсы, Шортанды аудандары;
  • Ақтөбе облысы - Ырғыз, Қобда мен Ойыл аудандары;
  • Алматы облысы - Балқаш пен Жамбыл аудандары;
  • Атырау облысы - Исатай мен Қызылқоға аудандары;
  • Шығыс Қазақстан облысы - Алтай мен Глубокое аудандары;
  • Жамбыл облысы - Жуалы мен Тұрар Рысқұлов аудандары;
  • Жетісу облысы - Кербұлақ пен Сарқан аудандары;
  • Батыс Қазақстан облысы - Бөкей, Қаратөбе мен Тасқала аудандары;
  • Қарағанды облысы - Приозерск қаласы, Ақтоғай мен Осакаровка аудандары;
  • Қостанай облысы - Рудный қаласы, Алтынсарин, Денисов, Қарабалық пен Федоров аудандары;
  • Қызылорда облысы - Сырдария мен Шиелі аудандары;
  • Маңғыстау облысы - Бейнеу ауданы;
  • Павлодар облысы - Ақтоғай, Железин мен Шарбақты аудандары;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - Есіл, Мамлют пен Тимирязев аудандары;
  • Түркістан облысы - Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ пен Шардара аудандары;
  • Ұлытау облысы - Ұлытау ауданы.

Аумақтық сайлау комиссиялары аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне 164 кандидатты тіркеді. Олардың 69-ын саяси партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынды.

Бүгін аудандар мен қалалардың 45 әкімі сайланады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.