Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында екі ауданда әкім сайлауы өтіп жатыр

Жарияланған күні:

Тұрғындар дауыс беруде
Тұрғындар дауыс беруде. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін алғаш рет пилоттық негізде Қызылорда өңірінің Сырдария және Шиелі ауданы әкімдерінің сайлауы өтуде.

Аудан және қала әкімдерін тікелей сайлау президенттің бастамасымен қолға алынып, жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы нақты қадамдарының бірі болып табылады.

Осы ретте, жергілікті тұрғындар саяси науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауларын жасап, маңызды күнде дауыс беруде. Таңнан бері учаскелерге асыққан алғашқы сайлаушыларға және тұңғыш рет дауыс берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Дауыс беруге келген тұрғындар
Дауыс беруге келген тұрғындар. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Маңызды күнде дауыс беру учаскелеріне отбасылармен бірге дауыс бергендердің үлесі жоғары. Олардың қатарында Әбсадықовтар отбасы бар. Шаңырақ иелері аудан үшін маңызды күнде балаларымен бірге келіп, таңдауларын жасады.

"Біз әрдайым сайлауға балаларымызды бірге апарамыз. Себебі өңір үшін маңызды күннен тысқары қалуға болмайды. Аймақтың дамуы өзіміз үшін керек. Туған жерін шексіз қадірлейтін азаматтар бақ сынап жатқан сәтте өз таңдауымызды жасауымыз керек. Бұл біздің шаңырақта дәстүрге айналды" ,-деді Әбсадықовтар отбасының тірегі.

Сырдария ауданындағы №163 учаскеге тіркелген 83 жастағы қария сайлауға шөбересін ерте келді. Ол балаларымыздың келешегі үшін маңызды қадам жасау әрбір азаматтың парызы дейді.

Тұрғындар дауыс беруде
Тұрғындар дауыс беруде. Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ал, Шиелідегі №365 учаскеде анасы мен баласы бірге дауыс берді.

Айта кетейік, Сырдарияда 22101, Шиеліде 50402 сайлаушы тіркелген. Екі ауданда 58 учаскелік комиссия құрылып, 388 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2044183-qyzylorda-oblysynda-eki-audanda-akim-sailauy-otip-zatyr/